Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Цезарь" салатын қалай жасайды?

Талқылау
Пікір
Перизат
17 Желтоқсан, 16

Дайындалуы:

  • Сарымсақты ұсақтап, 5 ас қасық маймен араластырамыз. 15 минутқа қалдырамыз.
  • Бөлке нанды кішігірім текше етіп тураймыз. Сарымсақ қосылған майға сарғайғанша қуырамыз.
  • Тауық етін кішігірім бөліктерге бөліп, тураймыз. Дайын болғанша қуырып, тұз, бұрыш қосамыз.
  • Тұздығын әзірлейміз. Ол үшін Жұмыртқаның сарысын қышамен араластырамыз.
  • Ұсақталған сарымсақ қосамыз.
  • Сірке су мен лимон қышқылын қосамыз.
  • Мұнан кейін май қосып,  араластырамыз. Талғамыңыз бойынша тұз, бұрыш қосамыз.
  • Ірімшікті үкішштің ұсақ көзінен өткіземіз. 
  • Салат жапырақтарын қолмен бөлеміз. Тәрелкеге қойып, үстіне қытырлақ нан мен тауық етін саламыз. 
  • Мұнан соң соусын құямыз да, ірімшік себеміз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Перизат
17 Желтоқсан, 16

"Цезарь" салатының рецепті

Қажетті заттар:

  • бөлке нан - 200 г
  • тауық еті - 300 г
  • салат жапырағы - 1 орама
  • пармезан ірімшігі - 50 г
  • сарымсақ - 1 тісше
  • зәйтүн майы
Соусы үшін:
  • жұмыртқаның сарысы пісірілген күйде - 2 дана
  • қыша - 2 шай қасық
  • лимон шырыны - 2 ас қасық
  • сарымсақ - 1 тісше
  • сірке су 6% - 1 шай қасық
  • зәйтүн майы - 100 мл
  • тұз, бұрыш
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

1
Раушан
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтан жасалатын салаттар білесіздер ме?