Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақстанда неше облыс бар?

Талқылау
Пікір
Admin
21 Тамыз, 20

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық жүйесі 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан тұрады.

Қазақстандағы облыстар және облыс орталықтарының тізімі:

  1. Нұр-Султан
  2. Алматы
  3. Шымкент
  4. Ақмола облысы (Көкшетау)
  5. Ақтөбе облысы (Ақтөбе)
  6. Алматы облысы (Талдықорған)
  7. Атырау облысы (Атырау)
  8. Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен)
  9. Жамбыл облысы (Тараз)
  10. Батыс Қазақстан облысы (Орал)
  11. Қарағанды облысы (Қарағанды)
  12. Қостанай облысы (Қостанай)
  13. Қызылорда облысы (Қызылорда)
  14. Маңғыстау облысы (Ақтау)
  15. Павлодар облысы (Павлодар)
  16. Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл)
  17. Түркістан облысы (Түркістан)

Сонымен қатар, ерекше мәртебеге ие Байқоңыр қаласы бар, оны Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін жалға алған және осы мерзімге байланысты оған Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қалаға сәйкес мәртебесі берілген.

Республикамыздың батысында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бар. Солтүстікте - Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы. Оңтүстігінде Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облысы орналасқан. Шығысында - Шығыс Қазақстан облысы. Республика аумағының орталық бөлігінде облыстардың ең үлкені - Қарағанды облысы орналасқан.

Бұған дейін тек Алматы мен Нұр-Сұлтан республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі еді, бірақ 2018 жылдың 19 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес Шымкент республикалық маңызы бар қала болды. Әкімшілік орталығы Түркістанға көшіріліп, Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгерді.

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?