Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ләззат Асанованың өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Тұрар
21 Желтоқсан, 16

 Ләззат Асанова жатақхананың 5-қабатынан құлап өлген деген қорытынды жасалып, өлімінің шынайы себебі жасырылған. Оның өкіметке қарсы шыққаны, тәртібі нашар қыз болғаны жөнінде әдейі қауесет таратылып, ауылдастары Ләззаттың үйіне, анасына жақындауға қорыққан. Анасы 1991 жылға дейін бақылау астында болған. Елінің азаттығын аңсаған жалынды жас қызға арналған "Қаһарман қыз" әні шығарылған. Сөзін жазған - Абдырахман Асылбек, ән авторы - Жоламан Тұрсынбаев. 

Тұрар
21 Желтоқсан, 16

Ләззат Асанова 1970 жылы шілде айының 27 жұлдызында Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген. Өрімдей жас қыз небары 16 жасында Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. Ол 1985 жылы Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық училищеге түскен. Оқуып оқып жүрген кезде 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Көтерілісте ұсталған Ләззат Асанова қамауға алынып, Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабы бойынша айып тағылған. Желтоқсанның 24 күні Ләззаттың анасы Алтынай Асановаға қызының бақилық болғаны жайлы хабар жеткен. Артынша Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері көтерілісте қаза тапқан қыздың денесін Ақжазық ауылына алып келген. Қызының табытына анасын жуытқысы келмегенімен, анасы Алтынай қояр-қоймастан табытты аштырып, қызының денесін шариғат бойынша жуындырып, жер қойнына тапсырған.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?