Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Нұркен Әбдіров өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Наурыз
21 Желтоқсан, 16

Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қазақ КСР-і Қарағанды қаласында дүние есігін ашқан. Әскер қатарына шақырылмастан бұрын Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын тәмамдап, запастағы пилот мамандығын алған. Училищеден кейін Әбдіров Сталинград фронтына жіберілген. 

Сталинград шайқасы кезінде ол Ил-2 ұшағының ұшқыш-штурмовигі болған. 1942 жылдың 19 желтоқсанында кеңес жауынгерлерінің Сталинград түбінде қарсы шабуылы кезінде Нұркен Әбдіров өз ұшағымен "Ил" төрттігі құрамында Боков-Пономарев ауданына жау қорғанысы аумағына бомба шабуылы соққысын жасау үшін бағыт алған. Тапсырманы сәтті орындаған "Ил" төрттігі кері бұрылып, аэродромдарына қарай бет алған. Бірақ фронт сызығына жақын қалғанда Әбдіровтың ұшағы жанып, ұшқыш ауыр жарақаттанған. Аэродромға дейін жете алмайтындары, ал төмендегі жерде жау әскері орналасқаны белгілі. "Қош бол, Отан, достар..." - деген соңғы сөзін айтқан ол шабуыл ұшағын жау танкілері мен бензин тасымалдаушыларына қарай бағыттады. Жарылыстың үлкен күші маңайды дүр сілкінтті. Ол ерлік танытыпы, ерлікпен қаза тапты. Отан үшін жан аямай шайқасты. КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы 1943 жылдың 31 наурызындағы бұйрық бойынша оған Кеңес Одағы Батыры атағын берді. Отанының ержүрек ұлы 1942 жылы 19 желтоқсанда ерлікпен  көз жұмды. 


 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?