БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

Айдана
Жауап қалдырылды 20 Жел, 16

"Сағат" салаты

Қажетті заттар:

  • тауық еті - 450 г
  • жұмыртқа - 3 дана
  • ірімшік - 150 г
  • көк пияз - 1 орам
  • асбұршақ - 250 г
  • тұздалған қияр - 3 дана
  • майонез 
  • тұз, бұрыш
  • зәйтүн, сәбіз - әрлеу үшін
Дайындалуы:
  • Асбұршақтың суын төгіп, ыдысқа саламыз. 
  • Көк пиязды ұсақтап турап, асбұршаққа қосамыз.
  • Оған майдалап туралған ірімшік пен қияр қосамыз. 
  • Тауық етін тураймыз. Оны да ыдысымызға саламыз.
  • Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп алып, сарысын ұсақтап тураймыз. Ыдысқа саламыз. Ақуызын әрлеу үшін алып қоямыз.
  • Салатқа майонез, тұз, бұрыш қосамыз. Араластырамыз. 
  • Дөңгелек ыдысқа салатты салып, сағат тәрізді пішін жасаймыз.
  • Ақуызды үккіштен өткізіп, салаттың бетіне себеміз. 
  • Зәйтүн мен сәбізден сандар мен сағат тілін жасаймыз. Салатымыздың бетін әрлейміз.
Астарыңыз дәмді болсын! 

Гүлдерай
Жауап қалдырылды 20 Жел, 16

"Жаңа жылдық шырша" салаты

Қажетті заттар:

  • банан - 350 г
  • мандарин - 200 г
  • киви - 350 г
  • йогурт - 170 г
  • бал - 10 г
  • күнжіт - 10 г
Дайындалуы:
  • Банандарды қабығынан тазалап, дөңгелекшелеп тураймыз. Шыршаға жұлдызша жасау үшін бір дөңгелекшені алып қоямыз.
  • Мандариндерді қабығынан тазалап, бөліктерге бөлеміз. 
  • Шұңыл ыдысқа йогурт құйып, бал қосамыз да, араластырамыз. 
  • Жалпақ ыдысқа кезектеп банан мен мандариндерді қоямыз. Жеміс пирамидасын жасаймыз.
  • Жемістерге ақырындап йогурт құямыз. Жан-жағына йогурт жағып шығамыз. 
  • Кивиді тазалап, дөңгелекше етіп тураймыз. 
  • Кивимен шыршамыздың бетін сәндеп жабамыз. 
  • Бананды күнжітке аунатып алып, тіс тазартқыш таяқамен шыршаның төбесіне бекітіп қоямыз. 
  • Жеміс шыршасына күнжіт себеміз. 
Астарыңыз дәмді болсын!
Айгерім
Жауап қалдырылды 20 Жел, 16

"Апельсин" салаты

Қажетті заттар:

  • тауық еті - 300-350 г
  • ірімшік - 150 г
  • маринадталған саңырауқұлақ - 150-200 г
  • жұмыртқа - 4-5 дана
  • сәбіз - 2 дана
  • пияз - 2 дана
  • сарымсақ (талғамыңыз бойынша) - 2-3 тісше
  • өсімдік майы 
  • майонез, қаймақ - 250 г
Дайындалуы:
  • Сәбізді жуып, дайын болғанша пісіреміз. Тауық етін де пісіріп аламыз. Ұзыншалап тураймыз.
  • Жұмыртқаны пісіріп аламыз. Сарысы мен ақуызын ажыратамыз. Үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз. Пиязды майға қуырамыз.
  • Сәбіздің үштен бір бөлігін пиязбен араластырамыз. Саңырауқұлақты ұсақтап турап, ірімшікті үккіштен өткіземіз. 
  • Ыдысқа тағамдық өнімдерді қабаттап саламыз. Әр қабатын салған соң майонез жағамыз. 
  • 1-қабат - қуырылған пияз бен сәбіз. 2-қабат - ет. 3-қабат - ірімшік пен жұмыртқаның сарысы. 4-қабат - саңырауқұлақ. 5-қабат - ақуыз. 
  • Салаттың бетін сәбізбен апельсин тәрізді етіп әрлейміз. 
Астарыңыз дәмді болсын!

Қазір оқып жатыр