Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жиі құлаққаппен (наушник) жүру зиян ба?

Самал
Жауап қалдырылды 12 Қаң, 17

Құлақ есту қабілетінің төмендеуі немесе саңырау болып қалу қаупі шынымен де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, әлем бойынша 1 млрд 100 млн жасөспірімде есту қабілетінің бұзылу қаупі жоғары. Ол плеер және басқа да дыбысты күшейткіш құралдар себебінен. Бұл үлкен мәселе. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  қамқорлығымен смартфонда дыбыс күштілігіне шектеу қоятын бағдарламаларды енгізу ұсынысына байланысты смартфон өндірушілермен келіссөз жүріп жатыр. Сонымен қатар құлаққапқа қатысты тағы бір мәселе бар. Құлаққап салдарынан көлік, поезд дыбысын естімей қалып жататын адамдар көлік астына түсетін жайлар жиі орын алады. 

Қазір оқып жатыр