Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Штрудель рецепті бар ма?

Талқылау
Пікір
Лаура
15 Қаңтар, 17

Дайындалуы:

  • Ыдысқа ұнды елеуіштен өткізіп алып, ортасын шүңқырлаңыз. Қамырына арналған қалған заттарды салып, қамыр илеңіз (1 ас қасық май алып қалыңыз).
  • Дайын болған қамырды шелпек тәрізді дөңгелектеп, қалған майды жағамыз. Жұқа үлдір жауып, 30 минутқа қойып қоямыз. 
  • Алманы тазалап, 1 см етіп текшелеп тураймыз. Ыдысқа салып, лимон шырынын құйып, араластырамыз. 
  • Мейізді жуып, құрғатып аламыз.
  • Дастарханға май жағып, қамырды жаямыз. 
  • Қамырға қытырлақ нанды сеуіп, алма саламыз. 
  • Үстіне қант, даршын сеуіп, мейізін саламыз.
  • Қамырдың шетін ішке қарай қайырамыз. Рулет тәрізді етіп ораймыз.
  • Штрудельді 200 градуста қызып тұрған пешке қойып, 30 минут пісіреміз. 
  • Дайын болған соң тәрелкеге салып, бетіне қант ұнтағын себеміз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Лаура
15 Қаңтар, 17

"Алма штруделі" рецепті

Қажетті заттар:

Қамырына:

  • ұн - 200 г
  • су (жылы) - 50 мл
  • жұмыртқа - 1 дана
  • күнбағыс майы - 2 ас қасық
  • сірке су - 1 шай қасық

Салмасына:

  • алма - 6 дана
  • қант - 100 г
  • аунатуға арналған қытырлақ нан - 2 ас қасық
  • мейіз - 3 ас қасық
  • лимон шырыны - 1 ас қасық
  • даршын - 1 шай қасық

Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?

1
Раушан
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтан жасалатын салаттар білесіздер ме?