Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Курстық жұмыстың бекітілген стандарттары қандай?

Жания
Жауап қалдырылды 09 Нау, 16

Курстық жұмыс рәсімделуіне қойылатын талаптар:

- Курстық жұмыстың "Кіріспе", "Мазмұны", "Қорытынды", "Пайдаланылған әдебиеттер тізімі" құрылымдық бөліктерінің атауы, "Негізгі бөлім" бөлімдерінің атауы жол ортасында орналасып, соңына нүкте қойылмай, бас әріптермен жазылуы тиіс.

- Бөлімшелер мен тармақтар жаңа жол шегінісінен басталып, бастапқы әрпі ғана бас әріппен, қалғаны кіші әріптермен жазылуы тиіс.

- Бөлімшелер соңынан нүкте қойылмайды. Олардың асты сызылмайды. Егер бөлімше бірнеше сөйлемнен тұрса, олардың арасы нүктемен ажыратылады.

- Бөлімше атауы мен мәтін арасы 2 см-ден (2 интервал) кем болмауы тиіс. Бөлім мен бөлімше атауларының арасы 1 см (1 интервал) болуы тиіс.

- Бет нөмірі араб цифрымен белгіленіп, беттің жоғары бөлігінің оң жағында қойылады. Нүкте не сызықша қойылмайды.

- Негізгі бет жалпы бет санына кіргенімен, бет нөмірі қойылмайды.

Рауан
Жауап қалдырылды 09 Нау, 16

Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • курстық жұмыс А4 (210 х 297) пішініндегі қағаздың бір жақ бетіне жазылуы керек (кесте немесе сурет болған жағдайда, А3 (297 х 420) пішінідегі қағазды қолдануға болады);
  • мәтіннің қағазда орналасуы сол жағы 2,5 мм, оң жағы 1,0 мм, жоғары және төменгі жағы 1,5 мм болуы керек;
  • мәтіндегі жаңа жол шегінісі 15-17 мм болуы керек;
  • курстық жұмыстың көлемі 25-30 бет.
Қазір оқып жатыр