Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Курстық жұмысты қалай жазады?

Назерке
Жауап қалдырылды 09 Нау, 16

Курстық жұмыстың құрылымы:

  • негізгі бет;
  • мазмұны;
  • кіріспе;
  • негізгі бөлім;
  • қорытынды;
  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
  • қосымша (қажет болған жағдайда).
Курстық жұмыс жазу барысында, зерттеуші мына кезеңдерден өтеді:
  • курстық жұмыстың тақырыбын ғылыми жетекшінің келісімімен бекіту;
  • курстық жұмыс тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттер іздеу және таңдау;
  • курстық жұмыстың жоспарын құрып, ғылыми жетекшімен келісілуі;
  • ғылыми әдебиеттерге ден қойып, жұмыстың теориялық бөлімін жазу;
  • жұмыстың практикалық бөліміне байланысты ақпарат іздеп, тұжырым жасап, жұмыстың талдау бөлімін жазу;
  • ғылыми әдебеиттерге негізінде талдау жасап, ұсыныс бөлімін жазу;
  • жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдерін жазып, жұмысты белгіленген стандарттарға сай рәсімдеу;
  • пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру;
  • ғылыми жетекшінің жұмысты тексеруі;
  • жұмыстың әдеби және техникалық рәсімделуі;
  • курстық жұмысқа пікір жазылып, жұмысты қорғау.
Қазір оқып жатыр