БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тағамның сапасын қалай тексеруге болады?

Сәдуақас
Жауап қалдырылды 20 Қаң, 17

Тағамның құрамындағы ет, сүтті алмастыратын пайдасыз заттарды үй жағдайында қалай анықтауға болады?

  1. Ақшаны тексеруге арналған ультракүлгін сәулелі шамның көмегімен ірімшік және кілегейлі май құрамындағы пальма майын анықтауға болады. Қараңғы жерде шам сәулесін тағамға түсіріңіз: "пальма майы" көк түс береді.
  2. Шұжық пен сосиска құрамындағы бояғыштарды арақтың көмегімен анықтайды. Бір тілімін кесіп алып, арақ құйыңыз. Егер арақ қызғылт түс алса, өнімге фуксин, яғни қызыл бояу қосылған. 
  3. Шұжық, сосиска, сүзбе өнімдерінің құрамындағы крахмалды йод көмегімен тексереді. Тамызғышпен өнімге 2-3 тамшы йод тамызыңыз: крахмал болса, көк дақ, жоқ болса, қоңыр дақ пайда болады.
  4. Балдың сапасын анықтау үшін, тұрып қалған нанды малып көру керек. Егер ол қатты күйінде қалса, бал сапасының жақсы болғаны. Ал жұмсарса, балға қант шәрбаты қосылған. 

Қазір оқып жатыр