Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сақтау мерзімі өткен дәріні қабылдауға бола ма?

Талқылау
Пікір
Марат
23 Қаңтар, 17

Сақтау мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қолдануға болмайды. Әсіресе, сөз үйде сақталған дәрі-дәрмек жөнінде болса (үй жағдайында дәріның дұрыс сақталуына қойылар талаптар сақталмауы мүмкін). Сақтау мерзімі өткеннен кейін, дәрі құрамында өзгерістер орын алады. Олар улануға, бүйрек пен бауырдың удан зақымдалуына, т.б. алып келуі мүмкін. Сондықтан дәріні артығымен және интернет-дүкендерден сатып алмағаныңыз жөн. 

Дәріні қалай дұрыс сақтау қажет?

  • ауаның тұрақты ылғалдылығы - 50%-дан төмен
  • тұрақты температура - 15-25 C° аралығы (бөлме температурасында сақталуы тиіс болса), 8-15 C° аралығы (салқын жерде сақталуы тиіс болса)
  • күн сәулесінің түспеуі
  • дәрі-дәрмектің әр түрін (сусымалы, сұйық, таблетка түріндегі) жеке сақтау

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?