Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Сабыр түбі - сары алтын" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Архат
11 Қазан, 17

Шығарманың жалғасы

Ал студенттік шағымда “Нахдж Әл-Фарадис” атты ғылыми жобаны бірінші курстан бастап, төртінші курсқа дейін қарадым. Ақырында оны 100 деген баллға қорғап шықтым. Төрт жылдық еңбегімнің жемісін әлі күнге дейін жеп жүрмін десем де болады. Сол секілді сіздерге қайбір істе де сабырлық тілегім келеді.

Бірақ, кейде сабырдың адам өміріне кедергі келтіретін тұстары болады. Мысалы, біздің қазақ қоғамында әйел адамдар күйеуінің тарапынан жасалған зорлық-зомбылыққа сабырлық танытып, шыдап жүре береді. Осының салдарынан әйел де, оның ішімдікке салынған ері де, бала-шағасы да жапа шегеді. Меніңше, мұндай кездерде мүлдем сабырлық танытуға болмайды. Ал басқа кезде сабырдың тек пайдасы бар.

Архат
11 Қазан, 17

Сабыр түбі - сары алтын шығарма бар ма?

(Шығарманы екі бөлікке бөліп жариялаймын)

“Сабыр түбі – сары алтын” деген мақалды барлықтарыңыз да естіп жүрген шығарыздар. Десе де, оның астарында үлкен мән, мағына жатқаны сөзсіз.

Бірнәрсені қатты қалап, орындалмай кетсе, бұл ойымыздан бас тартып, басқасына көшетініміз бар. Осы уақыт ішінде арман-қалауларымыз орындалып та үлгермейді. Яғни сабырсыздық салдарынан үлкен арманымыздан бас тартып, бос өмір сүреміз.

Бала күнімде домбыра тартуды үйренгім келетін. Бірақ, сабырсыздық салдарынан оны ақыры үйрене алмай кеттім. Спортпен шұғылданғым келетін. Қаншама спорт түріне қатыссам да, ақыры ешқайсысын игере алмадым. Қазіргі таңда бір кездері сабырсыздық танытқаным үшін қатты өкінемін. Өмір атты ұзақ жолда бізге сенімді әрі көмекші серік керек. Ол – сабыр. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?