БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Адам алдына қандай мақсаттар қоя білуі керек?

Темірболат
Жауап қалдырылды 11 Нау, 16

Адам рухани кемелдену үшін мына мақсаттарды ұстанғаны жөн:

  • көп кітап оқу;
  • ешкімге реніш, кек сақтамай, кешірімді болу;
  • қызғанышпен өмір сүрмеу;
  • жалқаулық пен істі кейінге қалдырудан арылу;
  • күнделік жазу;
  • өміріне шүкірлік ету;
  • діни сауаттану.
Ал физикалық тұрғыдан кемелдікке жету үшін мына мақсаттарды алдына қоюы керек:
  • аптасына үш рет жаттығу залына бару;
  • күнделікті таңғы жаттығуларды жасау;
  • күнделікті кешкілік уақытта серуендеу;
  • зиянды тағамдар мен сусындардан бас тарту;
  • таңертең суық су құйыну.
  • салауатты өмір салтын ұстану.

Асқар
Жауап қалдырылды 11 Нау, 16

Өмірде табысқа жетіп, артыңа қарап өкінбестей өмір сүру - кімнің де болмасын арманы. Өмір жолында өз орнын тауып, жетістікке қол жеткізу үшін  адам алдына мақсат қоя білуі керек. Менің ойымша, әр адам алдына мына мақсаттарды қоя білуі тиіс:

  • адамгершілік, иман, ұждан сияқты құндылықтар негізінде салиқалы, дұрыс өмір сүру; 
  • атаның емес, адамның баласы болып, халықтың қамын ойлау;
  • артыңда ізгі істер қалдыру;
  • ұрпақ сүю, дұрыс ұрпақ тәрбиелеу;
  • өзің қолға алған салаңда барынша қызмет ету;
  • қашан да болмасын, әділетті болу. 
Қазір оқып жатыр