Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ораза кезде ерлі-зайыптыларға не рұқсат етіледі?

Дін басқармасы
Жауап қалдырылды 12 Мау, 17
Ораза кезінде күйеуі де, әйелі де бір-бірін сүйсе, құшақтаса немесе аймаласа бұл оразаны бұзбайды. Айша (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгендеріңнен өз-өзін мықты ұстай алатын». (Әл-Бұхари, 1927. Муслим, 1/65). Айшаның (Алла оған разы болсын) жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?», - деп сұрағанда, ол: «Жыныстық қатынастан басқасынын барлығы», — деп жауап берді. (Абдур-Раззақ, 4/190. “Фатхул-Бәри”, 4/183.) Бұл хадистер ауызы берік адам, мұның соңы жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетінін аңғартып тұр. Ал, адам әлсіз болса, яғни, өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол мұндайдан тыйылғаны жөн. Шариғатта, «харамға апаратын нәрсе де харам!» дейтін маңызды бір қағида бар.
Қазір оқып жатыр