Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Еркектер әйелдердің ақылын бағалайды ма?

Жақсылық
Жауап қалдырылды 18 Нау, 16

Ғаламтор қолданушылары арасында жүргізілген сұрау барысында "Еркектер үшін нәзік жан иелерінің бойындағы маңыздысы не?" деген сұраққа мынадай жауап алынған екен: 

  1. Сыртқы келбет - 45,64%
  2. Тұлғалық қасиеттер - 24,39%
  3. Қарым-қатынасқа келісу - 16,89%
  4. Ақыл - 9,67%
  5. Іскерлік қабілет - 3,41%.

Десе де бұл деректі даулы деуге де болады. Нәзік жандыларға ең алдымен адам, ана ретінде қарауымыз керек. 

Марат
Жауап қалдырылды 18 Нау, 16

Осы мәселе тұрғысында Йорк ғалымдарының зерттеу жүргізіп, әлемнің 30 мемлекетіндегі ер адамдардан әйелдер бойындағы нені бағалайтынын сұраған: ақылдылық па, мінсіз келбет пе , әлде аспаздық шеберлік пе? Жауап алынған 12000 адамның басым бөлігі ақылды әйелмен отбасын құруды жөн көретінін айтқан. Ғалымдар: "Біз бүгінгі дамыған қоғамда еркектер үшін әйелдің ақылды болуы, әйелдегі мінсіз келбеті немесе тамаша аспаздық қабілетіне қарағанда бағалырақ екенін аңғардық",- дейді.

Нұрболат
Жауап қалдырылды 17 Нау, 16

Әдетте ер адамдар жанында ақылды әйелдің серік болғанын қалайтынын айтып жатады. Бұл ақылға да сыйымды. Ақылды әйелдер балаға дұрыс тәрбие беріп, тіпті, отбасын қаражатпен қамтамасыз етуге де үлес қосып жатады. Алайда, еркектердің ақылды әйелдерден қауіптенетіні анықталды.

Жүргізілген зерттеуде жас жігіттерден интеллектілік тапсырмаларды өздерінен жоғары дәрежеде тапсырған қыздардың тартымдылығын бағалауды сұраған. Зерттеу нәтижесінде:

  • көптеген ер адамдар жанында жүрген интеллектісі жоғары әйелдердің айтарлықтай тартымды еместігін айтқан.
  • көптеген ер адамдар  өздерінен белгілі бір қашықтықтағы интеллектісі жоғары әйелдерді тартымды санаған. Десе де, олармен кездесу, жылы қарым-қатынас орнату тек сөз жүзінде ғана қалған.
Қазір оқып жатыр