Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сан есім дегеніміз не?

Мейрамгуль
Жауап қалдырылды 09 Ақп, 16

Сан есім - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді. Олай болса, сан есім - сөздерді таптастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде затың нақты сандық мөлшерін көрсетеді.

Қазір оқып жатыр