Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген қазақстандық көйлектерді қайдан алуға болады?

Рауза
Жауап қалдырылды 11 Сәу, 16

"Сұлтан" сән үйінен көзіңіздің жауын алатын ерекше заттарды көресіз. Бір қарағанда еуропалық стильдегі киім болып көрінгенімен, әр киімнен ұлттық нақышты байқайсыз. Мысалы, ақшыл жасыл түсті ағылшын твидінен тігілген қысқа пәлте қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген. Мұнда ұлттық нақышта тігілген заманауи жилеттер де бар. Сән үйі ұсынатын киімдердің бағасы да қолжетімді. 

Айман
Жауап қалдырылды 11 Сәу, 16

Бірнеше жыл бұрын Алматыда "Құрақ көрпе" бренді пайда болды. Олар ұсынатын тауарлар қатарында құрақ көрпелер ғана емес, тарихымыздан сыр шертетін этнокөйлектер де бар. Олардың ойынша, көшпенді тіршілік кешкен қазақ қыздары таза зығырдан тігілген ұзын әрі кең көйлектер киген. Осы себепті ұзын етекті, кең көйлектер тігіп, аз ғана уақыттың ішінде танмыалдыққа ие болды. Оған қоса аталмыш бренд белдемше, жейде, бас киім мен мойынорағыштар ұсынады. Мұндағы көйлектердің бағасы 30 000 теңге болса, жейделер 12 000 теңге тұрады.

Қазір оқып жатыр