Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шиенің қандай пайдасы бар?

Қанат
Жауап қалдырылды 20 Сәу, 16

Шиенің пайдасы:

  • Шиенің құрамында кумариндердің көп мөлшері кездеседі. Кумариндердің аздаған мөлшері қан жасалымына оң ықпал етіп, қан ұюын жақсартады. Сондықтан шие - жүрек және қантамыр ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін өте пайдалы.
  • Шие құрамында фитонцидтер де көп мөлшерде кездеседі. Фитонцидтер - вирустар мен бактериялардың көбеюін тоқтататын табиғи заттар. Үй шаруасының қыр-сырына қанық әйелдердің қияр, қызанақ және т.б. көкөністерді тұздау барысында шие жапырағын қосып жататынының да өзіндік сыры бар. Олар тұздалған тағамның ашып кетуінің алдын алып, ұзақ сақталуына себін тигізеді.
  • Шие - В тобы дәрумендеріне бай. В тобының дәрумендері тері, тырнақ, шаш сұлулығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
  • Шие жемісінің құрамында А және С дәрумендері бар.  А дәрумені көздің көруіне әсер етеді. Ал С дәрумені иммуниетті көтеріп, жастықты сақтайды.
  • Ұйқысыздық дертіне шалдыққан адамдарға ұйықтар алдында шие жеу не 100 грамм шие шырынын ішу пайдалы. Шиенің құрамындағы мелотонин ұйқы сапасын жақсартып, тыныш ұйықтауға көмектеседі.
  • Ғалымдар шиенің құрамында аспириннің әсерін бере алатын заттардың бар екенін аңғарған. Аспириннің бір таблеткасын 20 шие жемісі алмастыра алады. Аспиринге қарағанда, шиенің денсаулыққа жанама әсері жоқ.
Қазір оқып жатыр