Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұлы Жібек жолы деген не?

Дамир
Жауап қалдырылды 21 Сәу, 16

Ұлы Жібек жолы - ерте дәуірлер мен орта ғасырларда Шығыс Азия мен Жерорта теңізі аумағын байланыстырып жатқан керуен сауда жолы. Бұл жолдың ең басты мақсаты Қытайдан жібек тасымалдау болатын. Атауының сыры да осымен байланысты. Керуен жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда салынған. Сианьнан бастау алып, Ланьчжоудан Дуньхуанға жалғасады. Ол жерден жол екіге бөлінеді: солтүстік жол Тұрфаннан өтіп, Памир арқылы Ферғана мен қазақ даласына бастаса, оңүстік жол Такла-Макан шөлінің оңтүстігіндегі Лоб-Нор өзенінің маңынан өтіп, Яркенд пен Памир арқылы Бактрияға бастайды. Бактриядан Парфия, Үндістан, Таяу Шығыс елдеріне жалғасып, Жерорта теңізіне дейін жетеді. Тарих ғылымына "Ұлы Жібек жолы" термині 1877 жылы неміс географы К.Рихтгофеннің еңбегі арқылы енген. Сауда жолы 15 ғасырға дейін жұмыс істеп тұрды.

Зарина
Жауап қалдырылды 21 Сәу, 16

Ұлы Жібек жолының сілемдері

Қазір оқып жатыр