Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сәкен Жүнісовтің өмірбаяны бар ма?

Дарын
Жауап қалдырылды 28 Сәу, 16

Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы - қазақ жазушысы. Ол 1931 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аспирантураны тәмамдаған. Филология факультетінде білім алған. Қызмет жолын "Пионер" журналында әдеби қызмекткер ретінде бастаған. 1960-1964 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөіліміне меңгеруші болып тағайындалады. 

1964-1968 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде қызмет еткен. 1988 жылдан 1992 жылға дейін - КСРО Әдеби қорының қазақ бөлімінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы. 1992 жылдан бастап шығармашылық қызметке ден қойған.

Жазушының "Өшпейтін іздер" әңгімелер жинағы (1968), "Жапандағы жалғыз үй" (1965), "Ақан сері" (1-кітап - 1971, 2-кітап - 1977) романдары жарық көрген. Ол "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд"(1981) сынды 17 пьеса жазған.

Дарынды жазушы Сәкен Жүнісов 2006 жылдың 29 сәуірінде өмірден озды.

Қазір оқып жатыр