Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аскөк пен ақжелкеннің пайдасы қандай?

Асан
Жауап қалдырылды 03 Мам, 16

Ақжелкеннің пайдасы:

  • Ақжелкен - С дәрумені мен бета-каротинге бай. Онда өсімдік пигменті хлорофиллдың айтарлықтай мөшері кездеседі. 
  • Ақжелкен жапырағы қанталау мен жәндіктердің шағуында көмектеседі.
  • Құрамында кездесетін минералды заттардың мөлшері бойынша ақжелкен өсімдіктер арасында бірінші орынды иеленеді. Ондағы дәрумендер мөлшерінің көптігі сонша, дәрумендердің бір күндік нормасын алу үшін, 50 грамм ақжелкен жесеңіз жеткілікті.
  • Бауыр, буын, қан тамырлар ауыруларын емдеу үшін, ағзаны тазарту үшін аскөк пен ақжелкен тамырларынан жасалған тұнба - ерекше пайдалы.
Жақсылық
Жауап қалдырылды 03 Мам, 16

Аскөктің пайдасы:

  • Аскөк пен оның ұрығында түрлі дәрумендер, кальций, темір, магний, калий, фосфор сынды минералды заттар, каротин бар.
  • Аскөктің түрлі емдік қасиеті бар: ыстық түсіретін, өт айдайтын, қақырық түсіретін, ауруды басатын, қабынуға қарсы және т.б.
  • Аскөк пен ұрығының тұнбасы қан тамырларды кеңейтуге, қан қысымының түсуіне, ішек және құрсақ қуысы ағзаларының жұмысына оң ықпалын тигізеді.
  • Аскөк - ішек бұлшықеттері мен жатырды әлдендіру әсеріне ие. Сондықтан құрамында аскөк бар дәрі-дәрмектерді іш өту, жүктілік кезінде қабылдауға болмайды.
Қазір оқып жатыр