Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Патент деген не?

Айдана
Жауап қалдырылды 05 Мам, 16

Патент - бұл құжатты алғаннан кейін патент иесіне ғана өнертабысты қолдану құқығын беретін қорғалатын құжат. Өнертабысқа берілетін патент тіркеуге өтініш берілген мерзімнен бастап 20 жыл көлемінде жарамды. Ал пайдалы үлгілерге берілетін патент жарамдылығы - 5 жыл. Өнертабыс ретінде өнімге (құрылғы, зат, микроағза штаммы, өсімдік немесе жануарлар жасушасы мәдениеті) қатысты кез-келген саладағы техникалық шешімдер, әдістер (материалдық нысанға жүргізілетін үдеріс), сонымен қатар танымал өнімді қолдану, жаңа мақсатта қолдану әдісі немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсатта қолдану әдісі қорғалады. Пйдалы үлгі ретінде адамдар мен жанураларды диагностикалық, терапевтік, хирургиялық емдеу әдістерінен басқа техникалық шешімдер қорғалады. 

Қазір оқып жатыр