Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Өнер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

Алма
Жауап қалдырылды 10 Ақп, 16

Өнерлінің бойы жетпесе де,
Ойы жетеді.
***
Өнерсіз елдің өрісі тар.
***
Өнеріне қарай өрнегі.
***
Өнерің болса қолыңда,
Табылар жоғың жолыңда.
***
Өнерсіз қыздан без,
Өнегесіз ұлдан без.

Рамазан
Жауап қалдырылды 10 Ақп, 16

Өнерлі істе жеміс бар,

Өрелі істе жеңіс бар.

***

Өнерлі жігіт өрде озады,

Өнерсіз жігіт жер соғады.

***

Өнерлінің өрісі кең.

***

Өнерлінің тірлігі оңынан келеді,

Өйткені, оның қолынан келеді.

***

Өнерлінің қайраты

Қайықша жылжып өседі.

Өркеуде жігіт өнерсіз

Орынсыз жерде бөседі.

***

Өнерлімен жолдас болсаң

Үлгі аласың.

Өнерсізбен жолдас болсаң,

Құр қаласың.

***

Өнерпаздың он қолы бар.

Ғалия
Жауап қалдырылды 10 Ақп, 16

Өнер туралы мақал-мәтелдер

Өнер уыстаған жерде қалмайды,

Өсек уыстаған төрге бармайды.

***

Өнер тамған он саусақ - 

Үзілмейтін ырысың.

***

Өнерді көп білген дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

***

Өнерді сүймеген елдің

Өнегесі өрге баспайды.

***

Өнерді қызықпасаң 

Ұға алмайсың.

Таспаны үйренбесең,

Өре алмайсың.

***

Өнердің көптігі жоқ.

***

Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.

***

Өнерді азырқанба

Айласы көп.

Білімді азырқанба,

Пайдасы көп.

***

Өнер - қанат,білім - санат.

***

Өнер - өлгенше жолдас.

***

Өнерлі ел налымас,

Өнерсіз ел жарымас.

***

Өнерлі жанды ел мақтайды,

Ер намысын ел сақтайды.

***

Өнерлі болсаң ойлама,

Малым жоқ деп.

Жалқау болсаң ойлама,

Қарным тоқ деп.

Қазір оқып жатыр