Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жалбыздың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Назым
Жауап қалдырылды 12 Мам, 16

Жалбыздың емдік қасиеті мол. Ол ағзамызды жылытып, тазартады. Оған қоса ас қорытуды жақсартып, жел айдайтын әсері бар. Табиғи антисептик болып табылатын жалбыздың барлқ түрі де пайдалы.  

Түскі астан соң жалбыз қосылған шай ішуді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Асқазан аурыған кезде жалбызды шайға қырмызыгүл гүлдерін қосып ішу - пайдалы. Ал жалбыз бен сәлбен шайына бал қосып ішсеңіз, тамақ ауыруын басады. 

Жалбыз бен түймедақ қайнатпасы тыныштандырып, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Алайда күшті жалбыз шайы ұйқы ашатын әсерге ие. 

Салқын тию мен тұмау кезінде жалбыз, мыңжапырақ, аю бадамның бірдей мөлшерін қосып, шай дайындап ішкен дұрыс. Жалбыз залалсыздандырып, мыңжапырақ ыстықты түсіріп, аю бадам тамақ пен мұрынды тазалайды.

Қазір оқып жатыр