Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Беттегі қара нүктелерден арылудың қандай тəсілдерін білесіздер?

Мөлдір
Жауап қалдырылды 16 Мам, 16

Бет терісін тазартуға арналған маскалар 

Бет терісін тазартуға арналған маскалар жасап, түрлі құралдар қолданып жүрген уақытта терінің тазалығынсақтап, нәрлендіріп, ылғалдандыратын маскалар жасап тұрған жөн. 

Бет терісін тазарту үшін:

  • Сұлы жармасы - сұлы қауызын жылы қою ботқа тәріздес болғанша сүтпен араластырып, масканы мұрыныңызға жағыңыз. Бірнеше минут ұстап, артынша сумен жуып тастаңыз. 
  • Саз - ұнтақ тектес қоспаны сазды сумен араластрып, мұрыныңызға жағыңыз. Масаны әбден кепкенше мұрыныңызды ұстаңыз. Кепкен соң дымқылданған жұмсақ ысқышпен мұрыныңызды тазартыңыз. 
  • Бал - балды мұрыныңызға жағыңыз. Мұрыныңызға толықтай жағып болғаннан кейін саусағыңыздың ұшын мұрыныңызға шапалақтағандай дәміл-дәміл тигізіңіз. Саусағыңыздың ұшында аппақ тығыз түйірлер пайда болғанша осы әрекетті талғасытырңыз. Бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. 
  • Күріш - бір қасық күрішті кешкісін булап қойыңыз. Таңертең суын төгіп, пайда болған қоспаны мұрыныңызға жағыңыз. 15 минуттан соң жуып тастаңыз.
  • Күнзе шырыны мен куркума - екеуін бірдей мөлшерде араластрып, бетіңіздің қара нүктелер жиналған аумағын күнделікті қоспамен сүртіп тұрыңыз.  
Қазір оқып жатыр