БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Отан жайлы қандай мақал-мәтелдер бар?

Ақжарқын
Жауап қалдырылды 10 Ақп, 16

Отан туралы мақал-мәтелдер

Отанды сату - опасыздық, 

Отанды қорғау - ұлылық.

***

Отанға опасыздық еткенің - 

Өз түбіңе жеткенің.

***

Отанда опасызға орын жоқ.

***

Отаннан айырылған жігіт оңбас,

Отардан айырылған мал оңбас.

***

Отаннан қашсаң құрисың, 

Адасқан иттей ұлисың.

***

Отансыз адам - қор,

Отансыз адам - зор.

***

Отансыздың оты жанбайды.

***

Отаны бірдің  тілегі бір, 

Ошағы бірдің  білегі бір.

***

Отаныңның ойраны-

Өміріңнің тозғаны.

Қазір оқып жатыр