Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Адамгершілік жайлы қандай мақал-мәтел білесіздер?

Гаухар
Жауап қалдырылды 19 Мам, 16

Адамгершілік туралы мақал-мәтелдер:

-Адамгершілік абырой алып береді.

- Адамгершілік белгісі - 

Иіліп сәлем бергені.

Шын достықтың белгісі -

Көп кешікпей келгені.

- Адамгершілік опалыққа тұрақтайды.

- Адамға адам ақ ниетімен жақ,

Қара ниетімен жат.

-Адамдық ардан айырылғанша,

Ардақты жаннан айырыл.

- Адамдықтан үлкен ат жоқ, 

Надандықтан үлкен дат жоқ.

- Адамды тұрар адам қып

Ақ жүрек пен адалдық.

- Адамды тарлық шынықтырады,

Адамгершілікті барлық ұмыттырады.

Қазір оқып жатыр