Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақтау қаласы жайлы қандай қызықты деректер бар?

Дәурен
Жауап қалдырылды 19 Мам, 16

Ақтау қаласы жайлы қызықты деректер:

  • Ақтауда көшелер жоқ. Дәлірек айтсақ, көшелер бар, бірақ көпшілігінің атауы жоқ. Тіпті, атауы бар көшелердің өзі атала бермейді. Қала 32 шағын аудандардан тұрады. Олар 1-ден 32-ге дейінгі сандармен аталады.
  • Қалада өзіндік атауға ие шағын аудандар бар. Мысалы, "Самал".
  • Ақтаудың мақтан тұтатын жерлерінің бірі - тұрғын үйдің шатырына тұрғызылған шамшырақ. Ол құрлықтың Еуропалық бөлігінде үй төбесіне орналасқан жалғыз шамшырақ болып табылады.
  • Облыс аумағы мен қала маңында әлемдегі ең ірі уран карьері бар. 
  • Қала Ленинград жобалау университетінің жобасы бойынша толығымен жаңадан салынған. 
Қазір оқып жатыр