Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бақыт деген не? Осы жайлы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Қарлығаш
02 Шілде, 18

Бақыт деген - арман-мақсаттарыңның орындалуы. Ол - өзің сүйгенде және сені сүйгенде сезінетін сезім. Бақытты болуға әркім құқылы. Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Себебі өмірде діттеген мақсатыма жеттім, жанымда сүйікті әйелім бар, балаларым бар. 30 жыл отасқан әйел қартаймайды, керісінше жыл сайын ақылына ақыл қосып, дана әйелге айналды. Түйгенің мен білгеніңді үйретіп, тәлім-тәрбие берген балаларым өмірден өз орынын тауып, әркім өз жолымен жүр. Бақыт - жан-жақты, әр түрлі, шексіз түсінік. Ия, біз бүгін қалағанымызға қол жеткізе алмауымыз мүмкін. Бірақ ертең не одан кейін оған міндетті түрде жететініміз анық. Мұның барлығы да өмір даналығы, барлығы да тамаша.

Қарлығаш
02 Шілде, 18

Мұның өзі - адамның болмысы, өз болмысынан рахат табуы. Сол сияқты әйелдің әйел, еркектің еркек болып қана бақыт табуы, әйелдің ана болып, еркектің отағасы, ел тірегі болып өмірінің мән-мақсатын табуы да адами болмысқа байланысты. Мамандық та, өмірдегі арман-мақсат, қызмет те әркімнің өз болмыстық ерекшелігіне сай әртүрлі. Бірақ "кетігін тауып, қаланған" адамның ғана көңілі жай тауып, өз ісін сүйсіпеншілікпен атқарады. Мұнда да "болмыс" жатыр. 

Ойымды қорыта келе, әр адам өз болмысына сай болса, соны мәнді, баянды ете білсе ғана шын бақытқа қауышады демекпін.

Қарлығаш
02 Шілде, 18

Бақыт ұғымын әр адам әрқалай түсінері анық. Оның себебі әркімдегі құндылықта, дүниетанымда, көзқараста жатыр. Меніңше, бақыт деген - өз болмысыңа сай болу. Жеті қат дүниедегі жаратылыстың баорлығының өз мақсаты, өз қызметі, түптеп келгенде өзіне ғана тән болмысы бар. Сол болмысынан ажырамау, оны баянды ету кімді де болса бақытқа жетелейді. Дін ислам бойынша адам баласы құлшылық қылмаққа жаратылған делінеді. Шындығында, адамзаттың баршасы тумысынан әлденеге мұқтаж болып, қолдау мен демеуді қажетсініп тұрады. Қолдаған құдіретке тәу етіп, құлшылық жасауы  шүкірлігі іспетті. Бірақ, құлышылқтан кеудесін шер басып, еңсесі түскен емес. Керісінше, Ұлы күшке шүкіршілігін арттырып, лайықты түрде құшлығын жасаған сайын жаны тыныш тауып, рахатқа, рухани мастыққа бөленеді. 

Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Batyrkhan_kausar
2 жылы бұрын пайда болды

"Ұшқан ұя" (Бауыржан Момышұлы) қысқаша мазмұны бар ма?

0
Назерке
2 жылы бұрын пайда болды

Басқаға ұқсау оңай ма? тақырыбында эссе

0
Araika
3 жылы бұрын пайда болды

Отбасы туралы эссе барма??

0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды

«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

 «Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

Бағалау критерийі:

Эссе жазады

Эссе құрылымын сақтайды

 

3 аргумент келтіреді

 

Дәлелдері жеткілікті

 

Тақырыпты аша алады

 

Өзіндік көзқарасы, пікірі бар

Орфографиялық норма

 Сауатты жазады

2
Алмас
5 жыл бұрын пайда болды

Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді

Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?