Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Көмектесіңіздер, ол өлуі мүмкін": Алматыда 5 жасар бала көршілердің ортақ тобына хабарлама жіберіп, анасын құтқарып қалды
Бишімбаев ісі бойынша сотқа қатысқан ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстандағы "ұят" ұғымын сынға алды
"Біреу итеріп жіберген": Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлаған
Алматы облысында қыздарын зорлады деп айыпталған ер адам сотқа тартылды
"Қорғауға міндетті және қорғайды": Адвокаттар алқасы Бишімбаевтың қорғаушыларына қысым көрсетуді тоқтатуды талап етті
Астанада салауатты өмір салтын насихаттауға 120 миллион теңгеден астам ақша бөлінбек
"Кеңес Одағында өмір сүргіміз келе ме": Индустрия министрі бағаны бақылау баяғыны еске салатынын айтты
"Ол батыстың санкцияларынан қорықты": Продюсер Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен қарым-қатынасын не үзгенін айтты
Бишімбаевтың қайғылы жағдайдың алдында көріпкелге ақша аударғаны анықталды
Қазақстандық шенеунік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен үстемақысын арттыруды ұсынды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Батыр Баян туралы жазылған шығарма бар ма?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Есімі алты алашқа танымал қазақтың маңдайына біткен айбынды, аламан батыры Баян туралы Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы бар. Қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғауда тайсалмас ерлігімен көзге түскен Батыр Баян Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Бұл туралы Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында, жыраулар шығармаларынан, сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады.
Батыр Баян поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімде батырдың шыққан тегі, оның қандай ержүрек жауынгер екені, сондай-ақ жоңғарларға шабуыл жасаған кезінде қалмақ қызын құлдыққа алып, абайсызда інісін өлтіріп қойғаны баяндалады.Баян Арқаның Обаған өзенін қоныс еткен уақ тайпасынан шыққан батыр. Ол ағасы Сары батырға еріп, қазақ тарландарының қатарына қосылған. Жауынгердің Абылай ханның ерекше құрметіне бөленгені соншалық, қазақ ханы Батыр Баянсыз соғысқа аттанбаған. Батыр жоңғарлармен болған ұрыстардың бірінде қалмақтың құралай көзді сұлуына ғашық болып, оын өзімен бірге алып кетеді. Алайда, 14 жасар қалмақ қызы Батыр Баянға тек ағасы ретінде қана қараған.
Бұған көнген алаш батыры тұтқын қызға деген сезіміне тұмшаланады. Дегенмен, қалың жұртқа қалмақ қызына ғашық болғанын көрсеткісі келмеген батыр, 14 жасар бойжеткенді қарындасы ретінде қабылдайды. Себебі қалмақ қызының көзінен ғашықтық ұшқын байқалмаған соң, Батыр Баян махаббатын жария қылғысы келмеген. Алайда, батырдың сезіміне жауап бермеген бойжеткеннің көзі Баянның жалғыз інісі Ноянға түскен екен.
Көкесінің ерке қозысы Ноян батыр сол кезде 15 жаста болған. Ол алғашында қалмақ қызының сұлулығы мен қылықты қылығына мән бермегенімен, кейін ағасының тұтқынына қалай ғашық болып қалғанын білмей қалды. Бір-біріне ғашық болған екі жас, сезімдерін біраз уақыт жасырып келді. Бір күні ғашықтар сөз байласып сайда жолығады. Сол сәтте қалмақ қызы мен Ноян батыр бір-біріне сезімдерін білдіріп, мәңгі бірге болуға сөз байласады. Алайда, қазақ жігітін сұлулығымен дуалап алған ару ғашығына бір өтініш айтады. Ол, қалмақ жұртында жылап-зарлап қалған ата-анасының батасын алмай еркекпен көңіл қоспайтынын айтты.
Қыз Ноянға Сарыарқа даласында ешқашан бірге бола алмайтынып айтып, өз жұртына аттануға шақырды. Қалмақ қызына деген махаббат Ноянның санасын улағаны сонша, ол ғашығымен бірге кетуге келісті. Кейін екеуінің таң ата қашып кеткенін ауыл ақсақалдары Баян батырға жеткізеді. Бұны естіген ағасы не сенерін, не сенбесін білмеді. Ашуға булыққан Баянның екі көзі қызарып, ақыры құрал-саймандарын асынып қашқындарды қуып жетпекші болады. Ол атығай жұрты қоныс еткен Жалдыөзекке жеткенде екі атты адамды көріп, оларды садағымен атпақшы болады. Бойын ашу-ыза кернеген батыр алыстан «Жан ағалап» келе жатқан інісін танымай, садақпен атып түсірді.
Бөбек Ноян ағасының атқан оғынан жерге құлаған сәтте, Баян батыр қалмақ қызына да садақ атты. Қыз түгілі, бауыр еті бауырын танымай қалған батыр ашумен жасаған қылығына өкініп, жылады. Ол соғысқа аттанып, қалмақ қызын құлдыққа әкелгеніне өкініп, інісінің денесін құшақтап еңіреп-зарлайды. Баян қозыдай бауырын өлтіріп қойғаны үшін өзін кінәлап, қайғыдан қан жұтады. Сөйтіп, амалсыздан інісі Ноян мен қалмақ қызының денесін жер қойнауына тапсырған Батыр Баян ұрыс алаңына аттанбақшы болады.. Ал екінші бөлімде Батыр Баянның жоңғарларға шабуыл жасаған кезде қаза болатыны айтылады. Қайғыдан қан жұтқан Баян Абылай хан жинаған батырлар кеңесіне барады. Қазақ ханы Батыр Баянның келгенін естіп, қатты қуанады. Абылай хан таң атысымен соғысқа аттанатындарын айтып, батырларын рухтандырады. Алайда, қазақ ханы мен батырларынан сескенген жоңғар қоңтайшылары Ұса мен Серен қулық әрекетке көшеді. Олар қалың қазақ қолына елші жіберіп, бар мүлік пен жерді қайтаратындарын айтады. Абылай хан қарсыластарының айтқан ұсынысын батырларына жеткізеді.
Ханға қарсы шыққысы келмеген жауынгерлер кері шегінуге келіседі. Алайда, бұл шешім Батыр Баянның көңілінен шықпай, қазақ халқын қалмақтардың арбауына түспеуге шақырды. Ақыры Абылай ханның дегені болып, қалың қазақ қолы соғыссыз-ақ мал-мүлік пен жерді алуға келісім береді. Бұл шешімді құптамаған Батыр Баян жүз шақты жолдастарын ертіп қалмақ әскеріне қарсы шығады. Бір қазаққа мың қалмақ келген қанды шайқаста алаштың аламан батыры Баян жан досы Жанатайды құтқарамын деп қаза болады.