Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақшаны қалай үнемдеу керек?

Талқылау
Пікір
Қарлығаш
01 Маусым, 16

Ақшаны үнемдеудің "4 конверт" әдісі

Көз алдыңызға өз үйінде тұратын, несиеге көлік сатып алған жас отбасыны елестетіңіз. Олардың ортақ табысы 150 000 теңгені құрайды. "4 конверт" әдісі бойынша ақшаны төмендегідей үнемдеуге болады.

  1. Ортақ табысты есептейміз. Мысалы, 150 000 теңге.
  2. Оның 20%-ын болашаққа деген мақсаттарыңызға алып қоямыз. 150 000 теңгенің 20%-ы = 30 000 теңге.
  3. Ендігі кезекте бір айда кететін қажетті шығындарды есептейміз (жарық, телефон, ғаламтор, тұрмыстық қызмет, несие және т.б.) Мысалы, тұрмыстық қызметке - 8 000 теңге. 30 000 теңге - көлік несиесіне. 10 000 теңгені кезекті демалысқа жинаймыз.
  4. Енді ең қызығы! Есептей келгенде, қолымызда қалғаны 72 000 теңге. Осы ақшаны 4-ке бөліп, 18 000 теңгеден 4 конвертке саламыз. Әр конверттегі 18 000 теңге бір аптадағы шығындарыңызға жетуі тиіс. Сонда бір айлық шығыныңыз толықтай бақылауда болып, ақшаны тиімді жұмсай аласыздар. Бұл ретте жас отбасына белгіленген сомадан аспауға барын салу қажет.


 

Қаржы кеңесшісі категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Инфляция дегеніміз не?

1
0
895285
3 жылы бұрын пайда болды

50 мың көмекті ала аламын ба?

Сәлеметсізбе! Менің 2 балам бар. Куйеуім де мен де жұмыссызбыз. Осы 50 мың көмекті ала аламын ба?