Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жеті атаға қарамай үйленуге бола ма?

Талқылау
Пікір
Қанат
03 Маусым, 16

Қасиетті Құранның Ниса сүресінің 23-аятында бір-бірімен үйлене алмайтындар ашық білдірілген. Алла Елшісі (с.ғ.с) қызы Фатима анамызды көкесінің ұлы Әлиге берген.

Бір хадисте: «Сендер хадраә димәннан сақтаныңдар» - деді. Сонда: «Хадра димән деген не?» деп сұралады. Ол (с.ғ.с): «Босануы жаман (баласынан ұрығындағы ауруы көрінетін) көрікті әйел» деп алыс туыстың адамдармен некеленуге қызықтырған.

Ислам тарихында екінші халифа болған Омар ибн Хаттаб (р.а) жақын туысқандарына үйленуді әдетке айналдырған Бәни Сәйбтерге: «Аурушаң (кем-кетік туылу) болып, ұсақтап кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер» деп әмір етуі жақын адамдар арасында шәһуат қалауының аз немесе әлсіз болатындығын білдірген. Бұл әлжуаз ұрпақтың дүниеге келуіне арқау болады. Мысалы: аттас зарядтың бірін-бірі тебетіндігімен, әрі аттас зарядтың бірін-бірі тартатыны сияқты туыс-туысқа қызықпаса, туыстығы алыстар біріне-бірі ерекше құштар болып тұрмақ.  

Медицина ғылымының докторы Ғиззуддин Фараж: «Жақын туысқандардың арасындағы некелесу– сол отбасындағы ұрық қуалайтын ауру және жаман қасиеттердің өмірге келген баланың бойында арта түсуіне себеп болады. Ал жат кісілер арасындағы некелесу – бұл тұқым қуалайтын ауру немесе жаман қасиеттерді азайтады деп айта аламыз» деген. Демек, қазақ халқындағы араға жеті ата салып қыз беріп, қыз алысуын да төмендегі екі мақсат көзделген болуы мүмкін:

  1. Ұрпақтың аурушаң болып, ұсақталып  кетпеуі;
  2. Араға жеті ата салып, алыстап бара жатқан туысқандықты қайта жаңғырту.

Абдусамад Оқан, PhD докторанты, исламтанушы

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?