Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қарызға батқан кезде қандай дұға оқуға болады?

Талқылау
Пікір
Ризабек
03 Маусым, 16

Әзіреті Әлидің халифа болып тұрған шағында бір адам келіп: «Уә, мүміндердің әмірі! Мен, (қожайынмен жасасқан келісім бойынша) «мүкәтәба»* қарызымды өтеуге қауқарсыз болып тұрмын. Көмек берші!» - деп өтінеді. Сонда Әзіреті Әли: «Саған Пайғамбарымыздың маған үйреткен сөздерді үйретейін бе?(Егер, соны оқысаң) «Сир* тауындай» қарызың болса да Алла тағала оны сенің орнына өтейді (күтпеген жерден ризықтандырып қояды).  Былай де:  Аллаһуммәк финии бихәләликә ан харомик. Уә ағнинии бифазликә аммән сиуәәк!».

Мағынасы: О, Алла! Адал нәрселеріңді беріп, мені харам нәрселерден ұзақ ет. Және өзіңнің фазыл-берекетіңнен беріп, өзіңнен басқаға мұқтаж етпе! 

*Мүкәтәба – құлдың өз азаттығын белгілі ақшаға сатып алу мақсатында қожайынымен жасасқан келісім шарт.

*Сир тауы – Медине қаласының солтүстік батысында орналасқан үңгірлі тау.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?