Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Белгілі адвокат сотта Бишімбаевтың телефонының ашылмауына қатысты пікір білдірді
Тоқаев елдегі судьялар құрамына өзгерістер енгізді
"5 миллион қалыңмал сұрады": Маңғыстау облысына келін болып түскен таиландтық қыз Ислам дінін қабылдады
Алматы облысында зорланған қыздың анасы прокуратураның әрекетсіздігіне шағымданды
Ақмола облысында әйел екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысында жоқ бөгетке 2,2 миллиард теңге бөлінген – Әкімдік пікір білдірді
Тоқаев медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған заңға қол қойды
Петропавлда мектеп психологы оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды
"Бей-жай қарамаңыз": Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)
Тоқаев Қазақстанда вейптерді жарнамалауға және сатуға тыйым салу туралы заңға қол қойды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
Есімнің адам болашағына әсері қандай?
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды
Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?
Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.
3
0
2
3
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше адамдардың жағымсыз есімдерін өзгерткендігі хадистерде кездеседі. Мысалы, «Қарсы келуші» деген мағынаны білдіретін «Ъас» есімді адамның атын - «Мутиъ», яғни,«Мойын ұсынушы» деп, «Ғураб» деген есімді - «Муслим», «Шиһаб» есімді - «Һишәм», «Харб» есімін - «Хасан» деп өзгерткен т.б.
Ондағы мақсаты – қойылған есімнің адам мінезіне және өміріндегі жүріс-тұрысына да әсері бар дегенді ұғындыру болса керек.
Ертеректе сахаба көзін көрген табиғин Саид ибн Мүсәйяб дейтін ғалым болған. Оның атасының есімі «Хәзн» еді (Хәзн деп – араб тілінде «қатты жерді» айтады. Адамға қолданылғанда: «қатыгез», «қатал мінез» дегенді білдіреді). Бір күні Саидтің атасы Хәзн Пайғамбарымызға (с.а.у.) келгенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) одан:
- Есімің кім? - деп сұрайды.
- Есімім Хәзн – деп жауап береді.
- Атың «Сәһл» болсын – дейді Пайғамбар (Сәһл дегеніміз – борпылдақ, жұмсақ жер).
- Әкемнің қойған есімін өзгертпеймін – деп Хәзн атын өзгертпей қояды. Кейіннен немересі Саид: «Содан барып біздің отбасыда қиындық кетпей қойды» - деген екен.
Осы хадиске қарағанда, есімнің адам мінезіне, жүріс-тұрысына, келешектегі өміріне әсері болуы мүмкіндегенге ишара бар. Әйтсе де, бұл міндетті түрде солай болады дегендік емес. Өйткені, есімі жақсы, өзі жаман адамдар да өмірде аз кездеспеген.
Қалай болғанда да сәбилерімізге ат қоярда жақсы есім таңдағанымыз жөн. Алла елшісінің мына бір кеңесін ұмытпағанымыз абзал: «Қиямет күні сендер аты-жөндеріңмен шақырыласыңдар. Есімдеріңді әдемі қойыңдар» - деген.