Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Есімнің адам болашағына әсері қандай?

Талқылау
Пікір
Аңсар
03 Маусым, 16

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше адамдардың жағымсыз есімдерін өзгерткендігі хадистерде кездеседі. Мысалы, «Қарсы келуші» деген мағынаны білдіретін «Ъас» есімді адамның атын - «Мутиъ», яғни,«Мойын ұсынушы» деп, «Ғураб» деген есімді - «Муслим», «Шиһаб» есімді - «Һишәм», «Харб» есімін - «Хасан» деп өзгерткен т.б.    

Ондағы мақсаты – қойылған есімнің адам мінезіне және өміріндегі жүріс-тұрысына да әсері бар дегенді ұғындыру болса керек.  

Ертеректе сахаба көзін көрген табиғин Саид ибн Мүсәйяб дейтін ғалым болған. Оның атасының есімі «Хәзн» еді (Хәзн деп – араб тілінде «қатты жерді» айтады. Адамға қолданылғанда: «қатыгез», «қатал мінез» дегенді білдіреді). Бір күні Саидтің атасы Хәзн Пайғамбарымызға (с.а.у.) келгенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) одан:

- Есімің кім? - деп сұрайды.

- Есімім Хәзн – деп жауап береді.

- Атың «Сәһл» болсын – дейді Пайғамбар (Сәһл дегеніміз – борпылдақ, жұмсақ жер).

- Әкемнің қойған есімін өзгертпеймін – деп Хәзн атын өзгертпей қояды. Кейіннен немересі Саид: «Содан барып біздің отбасыда қиындық кетпей қойды» - деген екен.

Осы хадиске қарағанда, есімнің адам мінезіне, жүріс-тұрысына, келешектегі өміріне әсері болуы мүмкіндегенге ишара бар. Әйтсе де, бұл міндетті түрде солай болады дегендік емес. Өйткені, есімі жақсы, өзі жаман адамдар да өмірде аз кездеспеген.

Қалай болғанда да сәбилерімізге ат қоярда жақсы есім таңдағанымыз жөн. Алла елшісінің мына бір кеңесін ұмытпағанымыз абзал: «Қиямет күні сендер аты-жөндеріңмен шақырыласыңдар. Есімдеріңді әдемі қойыңдар» - деген.

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?