0 интересует 0 не интересует
спросил 03 Июнь, 16 от Айсана в категории Сән және сұлулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қасыңызды әдемі ете түсу үшін 6 кеңес:

  1. Қасты күнделікті күту қажет. Ең бастысы қастағы бояуды мұқият жуу керек. Мадоннаның косметологы айтқандай, ешқашан бетіңізден опа-далапты жумайынша, төсекке жатпаңыз, ол ерте қартаюыңызға сеп болады. Қастағы бояуды кетіру үшін май негізіндегі құралдар тиімді. Оған қоса, зәйтүн майын қолдануға болады. Ол опа-далапты кетіріп, теріні ылғалдандырып, қасты күшті етеді.
  2. Шашыңызды күнделікті тарайсыз ба? Біле білсеңіз, қасқа да мұндай процедура керек. Ол қас түктерінің түбіндегі қан айналымын жақсартады.
  3. Шашыңызды жуып жатқан уақытта қасыңызды да ұмытпаңыз. Қасыңызға кондиционер не бальзам жағып, онымен ысқылаңыз. Олар қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын қабат түзіп, қасыңызды ылғалдандырып, нәрлендіреді.
  4. Қасыңызға май жағып, массаж жасаңыз. Қасқа арналған арнайы щетка алып, оған ошаған майы не бадам майын тамызып, қысыңызды екі минут бойына уқалаңыз. Нәтижесі де ұзақ күттірмейді. Бірер аптадан соң-ақ қасыңыздағы өзгерісті байқарыңыз анық.
  5. Біраз уақыт пинцет жайлы ұмытыңыз. Қандай жағдай болмасын жаңадан өсіп келе жатқан қас түктерін жұлмаңыз.
  6. Шаш, тері және тырнаққа арналған дәрумендер қабылдаңыз. Әдетте олардың құрамына кальций кіреді. Дәрумендердің әсерінен шашыңыздың ғана емес, қасыңыздың да  өзгере бастағанын байқайсыз.
ответил 03 Июнь, 16 от Ділназ