Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұйқыда бастырылып қалудың себебі неде?

Талқылау
Пікір
Шәкен
06 Маусым, 16

Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейне бір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» десе, түрік тілінде «karabasan», арап тілінде «кабус  (كابوس)» немесе «жәсум (جَاثُومٌ)» деп атайды.  

Қара басу жайында нақты шариғи мәлімет кездестірмедік. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Әсіресе, денесінде электрмагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс.  Өйткені жын көбіне электрмагниті көп адамдарға жақын жүреді деседі.   

Ал медицина мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді.  

Қандай болғанда да, бұл құбылыстан сізге келер ешбір зиян жоқ. Тек жатар алдында дәретпен жатуды әдетке айналдырыңыз. Сосын ұйқыға кетпес бұрын аятул курсиді және фалақ пен нас сүрелерін оқуды ұмытпаңыз. Алдымен оң жағыңызбен жатыңыз.

Абдусамат Қасым

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?