Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

45-55° ыстықта жұмыс істеймін, оразаға жеңілдік бар ма

Талқылау
Пікір
Гүлназия
06 Маусым, 16

Шариғатта мынадай қағида бар: «әл-мәшәққату тәжлибут тәйсир». Оның мағынасы: «қиындық жеңілдікті шақырады» деген. Осыған сәйкес жұмыс барысында оразаңыз тағатыңызды таусытып, аса қиындық туғызып жатса, онда ол жағдайда аузыңызды ашуға рұқсат. Тек әр күні ауыз бекіткеніңіз дұрыс. Әлгіндей қиындыққа тап болғанда, аузыңызды ашасыз. Шыдайтындай болсаңыз, сол күнгі оразаңызды ұстаған боласыз. Алла тағала Құран Кәрімде: «Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»[1], - десе, тағы бір аятта: «Сендерге дінде қиындық етпедік», - дейді[2].

Бірақ мынаны ескеру керек: Оразаның өзінде нәпсімізге қиын келетін тұсы бар. Ораза мәнінің бір қыры да нәпсімізді басып, ноқталап, құлқынымыздың аш көздігін Алла ризашылығы үшін тәрбилеуде жатыр. «Алла жеңілдік қалайды екен» деп оразаға селқос қараудың жазасы ауыр екендігін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, мұндай жеңілдік тек аса қатты қиналғанда қарастырылатынын түсінгеніміз жөн.

[1] Бақара сүресі – 185 аят.
[2] Хаж сүресі – 78 аят.

Абдусамат Қасым

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?