Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Күйеуім мені бұрынғыдай жақсы көрмейді. Не істеймін?

Талқылау
Пікір
Парасат
06 Маусым, 16

Қазіргі таңда көп кездесетін сұрақ: Күйеуім мені бұрынғыдай жақсы көрмейді, неге?  Мұндай ойдың туындауына мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін: Күйеуінің бұрынғыдай шүйркілесіп сөйлеспеуі; Әйеліне көп уақыт бөлмеуі; Жасаған істерін (үй шаруасы) байқамауы; Елдің көзінше сыпайы көрініп, жеке қалғанда ол сыпайлығын жоғалтуы т.б.

Негізінде күйеулеріңіз сіздерді жақсы көреді. Бірақ кейде соны сыртқа шығаруына әйелі жәрдем етуі тиіс.

Осыған байланысты бірнеше кеңестер беруге рұқсат етіңіз.

Біріншіден, әйел кісі жарымен қалай сөйлесуді білуі шарт. Күйеуіңізбен сөз жарыстыруға тырыспаңыз. Еріңізбен бір нәрсені талқылау барысында өзін әлсіз, қауқарсыз сезінетіндей әңгімелер айтпау керек. Және оған мін тақпаңыз, көп сынға алмаңыз. Ер кісілердің көбі мін тағатындардан  ұзақ жүруге тырысады.

Оған сөйлейтін кезде айтатын сөздеріңізді таңдап айтқаныңыз жақсы. Мысалы, күйеуіңіз жұмыстан кеш келе қалған жағдайда оған: «Кеш келетініңді алдын ала неге айтпайсың? Кішкене ойлансаң болады ғой!», - дегеннен гөрі: «Сен кешіксең қатты уайымдаймын. Бәрі жақсы ма?» - деп сұрасаңыз, оған «маңызды жан екенін» ұғындырасыз. Сосын ол сізге құлақ аса бастайды.

Екіншіден, күйеуіңізді мақтап тұрыңыз. Бірақ шеттен шықпаңыз.  Оны мақтан тұтатыңызды сездіріңіз. Оның жақсы тұсын асырып отырыңыз. Кейде ондағы жоқ ерекешеліктерді бар етіп көрсетіңіз. Ол да сондай  ерекшеліктерді қалыптастыруға тырысады. Ұмытпау керек – еріңізді қаншалықты  мақтасаңыз, соншалықты ол сізді жақсы көре бастайды.

Сөйлеген кезде бұйырып сөйлемеңіз.

Үшіншіден, еріңіздің қате тұсын айтар болсаңыз мынадай сөйлемдерді қолданудан аулақ болыңыз: «Саған айта-айта шаршадым...», «Сен әрдайым осындайсың...», «Саған айтқан мен де ақымақ...» т.б. сияқты сөздер отағасын одан да бетер суытады. Оның орнына: «Сен рухы асқақ жансың. Сенің асқақ рухтылығыңа былайша әрекет еткен жарасады..», - деп айтсаңыз    немесе қате әрекет етсе, оған: «Сен ақылдысың, ондай қателікке бой алдырмауың керек...»  -  деген сияқты сөздер қолдансаңыз зайыбыңыздың бойында сенімділік пайда болады, сізге деген сыйы артады.  

Төртіншісі, күйеуіңізді өзге бөтен еркектермен салыстырмаңыз. «Елдің еркегі мынадай...» деген сөздер ер кісілерге ұнамайды.

Бесіншісі, үй ішінде киген киімге де аса ден қойғаныңыз дұрыс. Әйел кісілер көбіне көшеге шыққанда барын киіп шығады. Үй ішінде оған мән бермей жатады. Көшеге кигендей, үй ішінде де еріңіздің алдында жарасымды, әдемі киінген дұрыс. 

Алтыншысы, үй болғаннан кейін, ыдыс-аяқ сыңғырламай қоймайтыны анық. Осындай жағдайда бақырмай, айғайламай, еріңіздің намысына тимей, айтқыңыз келген нәрселеріңізді орынды жеткізсеңіз, одан ары қарым-қатынастарыңыз күшейе түседі. Күйеуіңіз ашулы кезде онымен сөз жарыстырмаңыз. Сөз жарыстырған сайын ұрыстарыңыз үдейе түседі.

Жетіншісі, күйеуіңіздің анасымен жиі сөйлесіңіз. Әпкелерімен, қарындастарымен ара-қатынасыңыз жақсы болсын. Олар үйге келе қалған жағдайда күйеуіңіздің ойына «әйелім жақтырмауы мүмкін бе» деген сұрақ кіріп-шықпауы да керек. Ондай ой пайда болған екен, оның сізге деген сезімі өзгереді. Арты өкінішке ұласады: «Неге алдым әйелдікке» -  деген ойлар келуі мүмкін. Мұның бәрі оның көңіл суығандығының белгісі.    

Қорытындылай келе айтарымыз, еркектердің ең әлсіз жері өздерінің сүйіп қосылған жарларына деген махаббаттары. Өкінішке орай әйел кісілер бұл нәрсені сезе бермейтіндіктен үйленгеннің алғашқы кезендерінде-ақ қырсықтыққа бой алдырады. Күйеуін жары емес, бәсекелесі сияқты көре бастайды. Оны басынан асырғысы келмейді. Ақыры жан-жалдан қол босамайды.  «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» демекші, парасаттылықты ту етіп, Алла берген зеректіліктерін орынды қолданса, отбасы пейішке айналары сөзсіз. Осы орайда ер кісілер де өз кезектерінде құдай қосқан жарларын сыйлап, кейбір кемшілік тұстары болса, кешіріммен қарағандары жөн.  

Абдусамат Қасым

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?