0 интересует 0 не интересует
спросил 06 Июнь, 16 от Ақсана в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Куркума - зімбір тамырына ұқсас, тамыр сабағынан өсетін сопақ жапырақты көпжылдық өсімдік. Сыртқы сипаты бойынша қамысқа ұқсайды. Куркуманың биіктігі 1 метрге дейін жетеді. ұзындығ 15-25 см болатын сары гүлшоғырлары жиналады. Өсімдік шілде мен қазан айларының аралығында гүлдейді. 

Куркума (CURCUMA DOMESTICA, TURMERIC,HALDI) - аталған өсімдіктің тамырынан жасалатын алтын түсті ұнтақ. Ол жүздеген жылдар бойы үнді асханасында қолданылып келеді. Бұл дәмдеуіш ұлкен мемлекеттің барлық өңірінде көптеген тағамның ажырамас бөлігі болып табылады. 

Ерекше дәмдік қасиетінен бөлек, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия азпаздары куркуманы тағамға ерекше түс беретін қасиеті үшін бағалайды. 

ответил 06 Июнь, 16 от Айман