0 интересует 0 не интересует
спросил 06 Июнь, 16 от Темірлан в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Күлкінің пайдасы

Бір минут күлкі адам өмірін 15 минутқа ұзартады. Осылайша, 5 минут күлкі өміріңізді 1 сағатқа ұзартады деуге болады. Ғалымдар жиі күлетін адамдардың аурудан тез сауығатынын айтады. Оптимистердің иммундық жүйесі күйзеліске төзімді келеді. Оған қоса ағзада ауруды басатын заттектер бөлінеді. Күйзелістің өміріңізді ондаған жылға қысқартуы мүмкін екендігін естен шығармаңыз. Сондықтан жаман ойлардан, сезімдерден жылдамырақ арылуға тырысыңыз.

Пластикалық отаның тамаша баламасы күлкі терапиясы мен салауатты өмір салты болып табылады. Күлген кезде 80-ге жуық бет бұлшықеті жұмыс істеп, күлкі массаж ретінде әсер етеді. Оған қоса, ол бет бұлшықеттерін сергітіп, қан айналымы жақсарады. Осылайша, әйелдер бет терісінің сұлулығы мен жастығын сақтай алады.

Ал қарқылдап күлу - ас қорыту және тыныс алу ағзаларыңыздың көмекшісі. Тіпті, күлкінің жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін адамдарға көмегі бар. 

ответил 06 Июнь, 16 от Айзере