Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Күмісті қалай тазалау керек?

Талқылау
Пікір
Жақсылық
06 Маусым, 16

Күмісті тазалау жолдары

1-әдіс. Күмісті лимон қышқылымен тазалау
Күміс бұйымды лимон қышқылының ерітіндісінде қайнату - күмісті тазалаудың тиімді әрі қолжетімді тәсілі. Ол үшін 1 литрлік шыны құтыға 0,5-0,7 л су құйып, оған 100 г лимон қышқылын саламыз. Құтыны су буына қоямыз. Мыс сымының кішкене бөлігін ерітіндіге саламыз. Күмісті ерітіндіге салып, 15-30 минут қайнатамыз. Оны ас содасы ерітіндісімен жууға болады.
2-әдіс. Күмісті ас содасымен тазалау
Ыдысқа 0,5 л су құйыпғ 1- ас қасық ас содасын саламыз. Араластырып, отқа қоямыз. Су қайнағанда, оған тағам дайындауда қолданылатын қарапайым жұқалтыр саламыз. Артынша суға күміс бұйымды салу керек. 10-15 секундтан кейін бұйымды судан алуға болады. Бұйымды сумен жуамыз.
3-әдіс. Күмісті кока-коламен тазалау

Қарайып кеткен күміс бұйымды кока-колаға салып, 3-5 минут қайнатса, күміс бұйымның жақсы тазаратыны айтылады.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?