0 интересует 0 не интересует
спросил 06 Июнь, 16 от Асима в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сүзбе кексі

Қажетті заттар:

Қамыры үшін:

  • ұн - 2 стақан
  • сары май - 250 г
  • сүзбе - 300 г
  • қант - 1 стақан
  • жұмыртқа - 4 дана
  • мейіз - 1/2 стақан
  • лимон - 1 дана
  • су - 3/4 шай қасық
  • тұз - бір шымшым

Глазурі үшін:

қант ұнтағы - 1 стақан

мүкжидек шырыны - 3 ас қасық

Дайындалуы:

  • Сары майды қантпен араластырып, ағарғанша шайқаймыз. 
  • Шайқап тұрып жұмыртқаны бір-бірлеп қосамыз. 
  • Мұнан кейін лимон қабығын, еттартқыштан өткізілген сүзбе, мейіз, тұз, ұн, лимон шырыны мен ас содасын қосамыз.
  • Жақсылап араластырып, қамырды әбден илейміз.
  • Кекс пісіруге арналған қалыпты майлап, қамырымызды саламыз. 
  • 180 градуста қызып тұрған пешке қойып, 50 минут пісіреміз.
  • Қант ұнтағын мүкжидек шырынымен араластырамыз.
  • Дайын болған кекске глазурімізді құямыз.
  • Суып, құрғағанша қойып қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

ответил 06 Июнь, 16 от Зарина