Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Италия жайлы қандай қызықты деректер білесіздер?

Талқылау
Пікір
Мырза
06 Маусым, 16

Италия туралы қызықты деректер:

  • Италияны "Bel Paese" деп те атайды. Ол "әдемі мемлекет" мағынасын береді.

  • Жыл сайын Италияға 40 миллионнан астам саяхатшылар келеді. Саяхаттау бойынша көрсеткіште бұл мемлекет 4 орынға иемденген.

  • Италия аумағында 3 000-нан астам музей бар.

  • Италия халқының 20% тұрғыны 65 жастан жоғары егде адамдар.

  • Италия халқының орташа өмір сүру көрсеткіші 79,5 жасты құрайды.

  • Фортепиано музыкалық аспабын Италияда 1709 жылы Бартоломео Кристофори ойлап тапқан.

  • Италия аумағына Сан-Марино, Ватикан кіші мемлекеттері бар.

  • Әлемге әйгілі "Пиноккио" ертегісін италиялық жазушы Карло Коллоди жазған.

  • По өзені - Италиядағы ең ұзын өзен. Оның ұзындығы 652 км болса, ауданы 71 000 км2 құрайды.

  • Италиялықтар - шарапты сүйіп ішетін халықтардың бірі. Орташа есеппен жыл сайын әр италиялық 26 литр мөлшерден астам шарап ішеді.

  • Римдегі ең ірі "Треви" субұрқағына саяхаттаушылар күн сайын 3 000 еуро тастайды екен.

  • Лалагүл - Италияның ұлттық гүлі.

  • Италия аумағында шарап жасауды б.з.б. 1 000 жыл бұрын меңгерген.

  • Әлемдегі алғашқы және ең әйгілі кинофестиваль - Венециялық кинофестиваль. Оның тұрақты түрде өткізілуі 1932 жылдан басталған.

  • Италияда бала туу деңгейі әлем бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетеді.

Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?