0 интересует 0 не интересует
спросил 07 Июнь, 16 от Мадина в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Пиязды нан рецепті

Қажетті заттар:

  • Ашытқы – 20 г
  • Пияз – 3 дана
  • Ұн – 3 стақан
  • Зәйтүн майы – 5 ас қасық
  • Сүт – 2 ас қасық
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Тұз, қант
  • Жылы су – 1 стақан

Дайындалуы:

  • Ашытқыны ыдысқа салып, 4 ас қасық жылы су құйып, 1 шымшым қант қосамыз.  20 минутқа қалдырамыз.
  • Бөлек ыдысқа қалған жылы суды, қант, тұз, 1 ас қасық ұн салып, бетін жауып, жылы жерге жарты сағатқа қоямыз.
  • Пиязды тазалап, ұсқатап тураймыз.
  • Табаға 2 ас қасық зәйтүн майын құйып, пиязды салып,  3 минут қуырамыз. Тұз салып,  1 ас қасық ұн қосамыз. 2 минут бұқтырамыз. Суығанын күтеміз.
  • Ашығанға пияз, сүт, жұмыртқа, 1 ас қасық май қосып, араластырамыз. Мұнан кейін ұн, тағы да 1 ас қасық май қосамыз. Қамырды илеп, жылы жерге 1 сағатқа қоямыз.
  • Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Пісіруге арналған қалыпқа қамырымызды салып, 2 бөлке нан жасаймыз. Бетін жауып, 30 минутқа қалдырамыз.
  • Қамырдың бірнеше жерінен тіліп, ағаш таяқшамен тесіп, қыздырылған зәйтүн майын жағамыз.
  • Пешті 200 градусқа қыздырып, нанымызды 30 минут пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

ответил 07 Июнь, 16 от Ақжарқын