Көбелек туралы қызықты деректер
- Attakus Atlas – ең үлкен түнгі көбелек. Оның қанатының көлемі – 30 см.
- Ең кішкентай көбелек – Англиялық және отаны Канар аралдары болып табылатын күйе көбелек. Олардың денесінің ұзындығы 2 мм болады.
- Аналық көбелек тіршілігінің барысында 1000 дернәсіл жұмыртқалайды.
- Аналық көбелекер аталықтарына қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.
- Көбелектер сары, жасыл, қызыл түстерді ажырата алады.
- Көбелектер ести алмайды. Бірақ дірілді сезе алады. Сол арқылы жыртқыштардан қорғанады.
- Еуропада көбелектерді тамашалағанды ұнатады. Ал Қытай, Үндістан, Оңтүстік Америкада олар тәтті тағам болып табылады.
- Көбелектің салмағы раушан гүлінің екі күлтесінің салмағымен тең.
- Көбелектердің 165 мың түрі белгілі. Жыл сайын жаңа жаңалықтар пайда болады: энтомологтар көбелектердің жаңа түрін біуде.
- Көбелектер сағатына 60 км жылдамдықпен ұшады.
- Көбелектер арасында аузы жоқ көбелектер де бар. Олар тамақ іше алмайды. Мұндай көбелектер қырықбуын кезінде жинаған қуаты арқылы тіршілік етеді.
- Ескі және жаңа әлем тропиктеріндегі көбелектердің кей түрі жануарлардың көз жасымен қоректенеді.