Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Таңертең шаршап, әлсіреп тұруымның себебі неде?

Талқылау
Пікір
Амина
16 Ақпан, 16

- Таңертең шаршап тұратын болсаңыз, ағзаңыздағы су тапшылығының белгісі болуы да мүмкін. Сіздің қара жұмыс жасайтыныңызға немесе мимен жұмыс істейтініңізге қарамастан, дұрыс қызмет атқару үшін сіздің ағзаңыз суға мұқтаж. Егер сіз жиі шөлдесеңіз, ағзаңыз су тапшылығына ұшыраған. 

- Егер сіз зәр шығару жолдарының жұқпа ауыруымен ауыруына ұшыраған болсаңыз, онда ашытып ауырсыну сезімімен және жиі түзге шығу қажеттілігінің туындауымен таныс шығарсыз. Бірақ жұқпалы ауру ешқашан өзін айқын нышандармен білдіре бермейді. Кей жағдайларды шаршаңқылық несеп шығару жолдарының жұқпалы ауыруға ұшырағанының жалғыз белгісі болуы ықтимал. Несепті талдау жұқпалы ауырудың бар-жоғын бірден анықтай алады.

Рамазан
16 Ақпан, 16

Таңертең шаршап, әлсіреп тұратыныңызды жиі сезінетін болсаңыз, оның себептері мыналар болуы мүмкін:

- Түнде аз ұйықтайтын болсаңыз, ол сіздің денсаулығыңыздың нашарлап, зейініңіздің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ересек адамдар түнде 7-8 сағат ұйықтауы керек. Сонда ғана өздерін айтарлықтай сергек сезінетін болады.

-  Кейбір адамдар  арагідік дем тоқтауына қарамастан, өздерін дұрыс әрі қажетті мөлшерде ұйықтап жүрміз деп ойлайды. Әр кез демнің тоқтауы сізді бір сәтке ұйқыңыздан оятады, бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Нәтижесі - 8 сағат ұйықтасаңыз да, таңертең ұйқы жетіспеушілігін сезінетін боласыз.

- Егер сіз аз тамақтансаңыз, ол жиі шаршап, әлсіреуіңіздің себебі болуы әбден ықтимал. Десе де, жеткілікті мөлшерде пайдасыз тағамдарды тұтынсаңыз, бәрі-бір де сол нәтижеге әкеледі. Дұрыс тамақтану ағзадағы қант деңгейінің тұрақтылығын сақтауға көмектесіп, қант деңгейінің төмендеуінде орын алатын шаршаңқылық пен әлсіреудің алдын алады. 

- Қаназдық әйел адамдардағы шаршаңқылықтың басты себебі болып табылады. Етеккір уақытында қан жоғалту әйел адамды темір жетіспеушіліктен туындайтын қаназдыққа ұшыратуы мүмкін.

- Сіз күйзелісті эмоциялық бұзылу деп қана ойласаңыз, қателескеніңіз. Ол физикалық тұрғыда да шаршаңқылық, бас ауыруы, тәбеттің жоғалуы сияқты нышандарын көрсетеді. Мұндай халден  2 апта бойы ажырай алмасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс.

- Гипотиреоз - қалқанша безінің қызметінің нашарлауы. Қалқанша безі ағзаңыздың қабылданған тағамды күш-қуатқа айналдыру жылдамдығын, яғни метоболизмді бақылайды. Қалқанша безінің қызметі бәсеңдеп, зат алмасу баяулағанда сіз әлсіздік сезініп, салмақ қоса бастайсыз.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?