Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жылқы жануарының қандай тұқымдары бар?

Талқылау
Пікір
Дарын
03 Шілде, 18

Буденный жылқысы. Бұл тұқым таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Олардың денесі ірі келеді, басы ұзын, қағілез, мойны ұзын, етті, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең, қабырғасы дөңгелек, белі мықты болады.

Дон жылқысы. Оның басы ашаң, сəл ұзындау, маңдайы томпақ, шортан басты келеді, көздері үлкен, шығыңқы, томпақ, танаулары делдиген, жұқа құлақтары сереңдеген келеді. Сонымен қатар мойнының ұзындығы орташа, түзу, кейде ұзын, ашаң немесе етті, толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын жəне тік, жауырыны қысқа, тік біткен алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен болып келеді.

Ахалтеке. Бұл араб жылқысынан бұрын шығарылған. Жылқының бұл түрі  ең ескі тұқым болып табылады. Олар өте жүйрік, əсіресе жақынға шапқанда ұшқыр келеді.

Дарын
03 Шілде, 18

Жабы. Оның денесі ірі, шомбал, тұрқы ұзын, аяқтары қысқа, өте тез қозғалғыш, оңалғыш, қысқа төзімді келеді. Сонымен қатар ол жұмысқа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы.

Қазақ жылқыларының бір түрі – Адай жылқысы. Ол салт мініске қолайлы, басы жеңілдеу, шоқтығы шығыңқы, сауыры етсіздеу, итарқалау, аяқтары жіңішке, сіңірлі келеді. Ауа райына төзімді, əрі жүйріктігімен белгілі.

Көшім жылқысы. Басы үлкен болғанымен дөрекі емес, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы биік, əдемі, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс те жазық, белі толық, кейде қайқы бел. Оның биелері жиі құлындайды және сүтті көп береді. Сонымен қатар бұл жылқы жұмысқа төзімді.

Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?