Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кірпікті қалай ұзартуға болады?

Талқылау
Пікір
Жанар
03 Шілде, 18
Вазелиннің ең жақсы ылғалдандыратын құрал екенін барлығы біледі. Ол кірпікке де жақсы әсер етеді. Егер қылқалам арқылы вазелинді кірпігіңізге жағып, осылайш бірнеше апта жасасаңыз, кірпігіңіздің әлдеқайда ұзара түскенін байқайсыз. Сонымен қатар түймедақ пен сәлбен шөптерін қайнатып, соның тұнбасын қолдану арқылы кірпігіңізді ұзын әрі қалың ете аласыз. Мұндай компресс кірпіктің түйінін нәрлендіріп, қабақ терісін де құнарлы заттармен нәрлендіреді. Мұндай қайнатпаның дайындау тіптен қиын емес. Ол үшін кептірілген шөптерді 1:1 мөлшерде алып, оған бір стақан су құйып, плитаға қойыңыз. Оны қайнатып, артынша 15 минут бұқтырып қойыңыз. Мұнан кейін оны тұндырып қойып, артынша қолдана беруіңізге болады.
Зарина
03 Шілде, 18
Үй жағдайында кірпікті ұзартудың екінші әдісі - дәрумендер. Дәрумендер бүкіл ағзаға ғана емес, кірпіктің өсуіне де жақсы әсер етеді. Егер оғазада дәрумен жетіспеушілігі болса, кірпіктеріңіз де әлсіз әрі сынғыш бола түседі. Сондықтан кірпігіңіз ұзын әрі қалың болғанын қаласаңыз, күнелікті жеп жүрген тағамдарыңызға мән беріп, дәрумендердің толық қамтылуын қадағалаңыз.Сондай-ақ бір ай көлемінде дәрумендер кешенін де қабылдағаныңыз жөн.
Аружан
03 Шілде, 18
Бүгінде кірпікті ұзартудың ең тиімді жолы – түрлі майларды қолдану. Кірпік өсуін жылдамдатып, ынталандыру үшін үпілмәлік майы, ошаған майы, Е дәрумені және зәйтүн майын қолданған тиімді. Бұл майлардың барлығы кірпіктің өсуін жылдамдатып қана қоймай, қабақ терісіне жақсы әсер етеді. Бұл әдісті қолдану өте оңай. Ол үшін мақта дөңгелегіне майдың бірнеше тамшысын тамызып, мұнан кейін оны қабағыңызға басып, бірнеше минут ұстаңыз. Артынша көзіңізді жылы сумен жуыңыз. Бірнеше аптадан кейін нәтижесін өзіңіз де байқайсыз. Кірпігіңіз ұзын болып қана қоймай, жылтырай түседі.
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?