Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кітап оқу несімен пайдалы?

Талқылау
Пікір
Әнел
13 Маусым, 16

Кітап оқудың пайдасы:

  • Сөздік қорыңыз толысады. Түрлі жанрда жазылған кітап оқыған кезіңізде күнделікті өмірде айтыла бермейтін сөздерге ұшаырасасыз. Егер бір сөз сізге түсініксіз болса, міндетті түрде түсіндірме сөздік бетін ақтару қажет емес. Кейде түсінбеген сөзіңіздің мағынасы оқып отырған жолдарыңыздың мазмұнынан-ақ аң,арылады. Кітап оқу сөздік қорды толықтырып қана қоймай, сауаттылығыңызды да арттырады.
  • Кітап оқу адамдармен араласуда көмектеседі. Кітап оқу себепті сауаттылық қана артпайды, оған қоса ойыңызды нақты әрі көркем түрде жеткізуді үйренесіз. Бірнеше классикалық кітап оқығаннан кейін-ақ сіздің бойыңызда әңгімеші дарыны пайда болары анық.
  • Кітап оқу өзіңізге деген сенімділікті арттырады. Әңгімелесу барысында жоғары білімпаздық пен ой-өрісіңіздің кеңдігін таныту арқылы біз өзімізді сенімдірек сезінеміз. Ал бұл ретте кітап берер білімнің пайдасы мол.
  • Кітап оқу күйзелісті арылуға сеп болады. Қазіргі заманда күйзелістен арылу – көптеген адамның мәселесі. Кітаптағы мәтіндегі бай сөздік қор, оның берілуі психиканы тыныштандырып, организм күйзелістен арылады.
  • Кітап оқу жады мен ой өрісін дамытады. Кітаптың ең негізгі пайдасының бірі – ол ой-өрісіне оң ықпал етеді. Оқу барысында біз туындыдағы мазмұнды, ойды түсінну үшін ойға берілеміз. Әдетте, кітап оқи отырып кейіпкерлер, олардың киімдері, қоршаған ортасы сынды көптеген детальдарды елестетеміз. Оған қоса шығарманы түсінуі үшін көп нәрсені есте ұстау қажет. Ол есте сақтау қабілеті мен логиканы дамытады.
  • Кітап оқу Альцгеймер ауруынан сақтайды. Ғыыми зерттеулер нәтижесіне сәйкес, кітап оқу, шынымен де, ми ауруынан сақтайды. Сіз кітап оқып отырған уақытта ми белсенділігі артып, әрдайым тонуста болады. Ол мидың жағдайын жақсартады.
  • Кітап оқу жасартады. Мидың қартаюына сәйкес адам организмінәің де қартаятыны әлдеқашан дәлелденген. Кітап оқу миыңызды ұдайы жұмыс істеуге итермелейді. Соның салдарынан жастығыңыз да ұзақ сақталады.
  • Кітап оқу бізді шығармашыл етеді. Креативті адамдар миында бір мезетте бірнеше тамаша ой туындап жатады. Оларды қайдан алуға болады? Әрине, кітаптан. Кітап оқу барысында өмірде қажет болатын тамаша ойларды санаңызда жинақтай аласыз.  
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?